1, 7 және 9 мамыр: Ақтау әкімдігі қаланы безендіруге қанша қаржы бөлгені белгілі болды

26.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі конкурс жариялады. Олар мамыр айындағы мерекелерге қала орталығын безендірумен айналысатын мердігерді анықтамақ. Конкурс 23 сәуірде жарияланып, 27 сәуірде аяқталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әңгіме мамыр айындағы үш мерекеге қатысты: 1, 7 және 9 мамыр күні атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Әкімдік бұл іс-шараларға 30 миллион теңге жұмсауға дайын.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған лоттың техникалық сипаттамасынан қаланың ерекше безендірілмейтіні белгілі. 

Талап бойынша болашақ мердігер ұйым 16 брендмауэр орнатып, билбордтарға 180 баннер дайындап орналастыру; 36 баннерлік керме орнату, әр мерекеге жалауға толтырылған 30 себет (жалпы жалау саны – 5 040) қою қажет. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орналастырып, қолданыстағы 104 ту тұғырын жөндеп, LED-экрандарға арналған тақырыптық бейнероликтер жасауы тиіс. 

Аталған сомаға конструкцияларды орнату да, демонтаждау да кіреді. Олардың басым бөлігі қаланың орталық көшелерінің бойына қойылады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью