1 маусым демалыс күні бола ма? Еңбек министрлігінің ұстанымы

26.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда 1 маусымды демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда 1 маусымды демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарларында журналистер министрден "1 маусым демалыс күні болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Биыл бұл мәселені көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Ол бірқатар министрлікпен ортақ ұстаным қалыптастырылғаннан кейін, бәлкім, келесі жылы қаралады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінен алынды", - деді министр.

Министрдің айтуынша, қосымша демалыс күндері туралы мәселелер қоғам сұранысына байланысты көтеріліп тұрады.

"Бұл күн демалыс болып енгізіле ме - айту қиын, бірақ талқыланады", - деді Ертаев.

Оның сөзінше, демалыс күнін енгізуге тікелей кедергілер жоқ, алайда кез келген қосымша демалыс күні жұмыс берушілерге жүктеме түсіреді.

"Бұл әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен талқыланады. Кез келген демалыс — бұл қосымша төлемдер мен есептеулер. Егер барлығы келісіп, есептеулер ашық болса, онда бұл бастама қолдау табады", - деп қосты министр.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай биыл қазақстандықтар 30 тамыз Конституция күні демалмайтынын растаған болатын. Енді Қазақстанда жаңа Конституция күні 15 наурыз болады — дәл осы күні қазақстандықтар референдумда оның жобасын қолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью