Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында шілде айының қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны алғаш рет бір айда 1 миллион адамнан асты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әуежай әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, мұндай тарихи көрсеткіш әуежайдың маршруттық желісін жүйелі түрде дамыту, жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру арқасында мүмкін болып отыр.
"2026 жылы Астана халықаралық әуежайының маршруттық желісі жаңа халықаралық бағыттармен толықты. Ларнака (Кипр), Ұлан-Батыр (Моңғолия), Гуанчжоу (Қытай), Ереван (Армения) және Даламан (Түркия) қалаларына рейстердің ашылуы нәтижесінде халықаралық бағыттар саны 42-ден 47-ге дейін артты. Сонымен қатар жолаушыларға Қазақстан бойынша 18 ішкі бағыт қолжетімді", - делінген ресми хабарламада.
Жолаушылар ағынының өсуімен қатар әуежай инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына да басымдық беріліп келеді.
Айта кетері, бұған дейін Air China компаниясы Астанадан Бейжіңге әуе рейстерінің санын арттыруға шtшім қабылдаған болатын.