1 миллион терек: Астана жасыл қалаға айнала ма

03.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Ауа райының жылынуына байланысты елордада жөндеу-қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Әріптестеріммен бірге қаланың барлық ауданын аралап шығамыз. Жаяу аралау барысында жұмыс жоспарына түзетулер енгіземіз. Осы демалыс күндері жол салу және жөндеу жұмысы басталады. Сол сияқты қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды. Биыл да қаламызда көгалдандыруға ерекше назар аударамыз, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала басшысы сондай-ақ шамамен 1 млн жасыл желек (көшеттер, бұталар, ағаштар) отырғызуды жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ ЛРТ жобасы желісі бойындағы аумақтар да абаттандырылатыны белгілі болды. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Күн сайын қалада санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар жүріп жатыр. 

Ал Алматыда 2030 жылы әр тұрғынға 15 шаршы метр жасыл желек болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью