Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Үкімет
Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 миллионнан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс істеу негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе», деді Олжас Бектенов.
Бұдан бұрын отырыста Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 2035 жылға қарай жасанды интеллектінің әсерінен 125 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін жазған едік.