Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 31 тамыз — Sputnik. Orda.kz ақпарат порталы 1 қыркүйектен бастап қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шешімді Ordamedia.kz құрылтайшысы әрі ЖШС бірінші басшысы Мақсат Ғаниев қабылдады.
"Редакцияның тапқан табысы оның жұмысын жалғастыруға жеткіліксіз. Қабылданған шешімнің астарында қандай да бір басқа себеп жоқ", — делінген порталдың мәлімдемесінде.
Бұған дейін Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, алайда жаза екі жылға кейінге қалдырылды.
Бажкеноваға үш бап бойынша – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету және жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылған.