1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады

06.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды.

«Қарағанды–Жезқазған» бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді «Қарағанды–Маңғыстау» бағыты ретінде қатынайтын болды.

Жол жүру уақыты — шамамен 41 сағат. Келу уақыты: тақ күндері 12:08  Жөнелту уақыты: 14:34 

Билет құны: 

• Купе — 22 123 тг

• Плацкарт — 14 467 тг

Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей қатынайтын пойыз іске қосылатынын жаздық.

Зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілетінін еске саламыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью