10 күнде 12 мың дерек: Ақтөбедегі тас жолда орташа жылдамдықты асырғандар анықталды

21.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе – Қандыағаш" тас жолында 12 мыңнан астам жылдамдық асыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

10 шілдеден бастап "Ақтөбе – Қандыағаш" автожолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын есепке алу жүйесі іске қосылды.

"Жүйе іске қосылған сәттен бастап орташа жылдамдықты асырған 12 мың көлік анықталды. Барлығы заң шеңберінде жауапқа тартылады", - дейді полиция.

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қандай уақыт ішінде жүріп өткенін есептеп, оның бүкіл учаскедегі орташа жылдамдығын анықтайды. Сондықтан тек камераның алдында жылдамдықты азайтып, кейін қайта арттыру арқылы жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес, дейді Ақтөбе полициясында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью