10 метровый фонтан кипятка сняли на видео экскаватор повредил трубу в Астане

07.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада "Эталон" құрылыс базарының маңында құбыр жарылды. Жер астынан атқылаған ыстық су видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "Эталон" құрылыс базарының маңында құбыр жарылды. Жер астынан атқылаған ыстық су видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды редакцияның WhatsApp нөміріне оқырман жолдады.

"Эталон" маңында биіктігі он метрдей су бұрқақ атқылап жатыр, бірдеңе жарылған сияқты. Көшенің бүкіл бөлігін нөсер жауғандай су басып жатыр", - делінген хабарламада.

Құбырдың жарылғанын "Астана су арнасы" мекемесінің баспасөз қызметі растады.

7 сәуірде кәсіпорын қызметкерлері Бөгенбай батыр даңғылы, 10 мекенжайында тіркелген диаметрі 300 миллиметрлік су құбырындағы апатты жою жұмыстарын жүргізген.

"Аталған су құбырын жөндеу мақсатында жүргізілген жер жұмыстары кезінде арнайы техника (экскаватор - ред. еск.) жақын маңдағы жылу трассасының желісіне (диаметрі 100 миллиметрлік болат құбыр) тиіп кетіп, оны зақымдаған. Куәгерлер түсіріп алған ыстық су мен будың атқылауы дәл осы себептен болды", - деп хабарлады "Астана су арнасынан".

Кәсіпорын өкілдері зақымдалған жылу желісінің магистральдік емес екенін айтты. Ол тек "Эталон" базарының кеңсе ғимаратын ғана жылумен қамтамасыз етеді.

"Тұрғын үйлерге жылу беруге ешқандай шектеу қойылмайды, тек аталған кеңсе ғимараты ғана уақытша жылусыз қалады", - деп нақтылады "Астана су арнасы".

Қазір мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр және апатты жедел жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью