Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Ия, біз мерзімін тағы бір жылға созуды жоспарлап отырмыз. Олар үлкен сұранысқа ие және екінші деңгейлі банктер мерзімін тағы жылға ұзарту туралы өтінішпен жүгінді, — деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Биыл номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
— 10 000 теңге — 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
— 2 000 теңге — 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.