Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Танымал әнші әрі композитор Мархаба Сәби 10 жыл күткен екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал әнші әрі композитор Мархаба Сәби 10 жыл күткен екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, әсерлі видео жариялады.
"10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің", - деді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, әртісті жарыса құттықтап жатыр:
"Бауы берік болсын!", "Ғұмырлы болсын кішкентай", "Оң болсын қуанышыңыз", "Балаппанның бауы берік болсын!", "Көз тимесін".
Бұл жаңалық әншінің шығармашылығына да әсер еткен сыңайлы. Жуырда 35 жастағы әншінің "Мама, болма алаң" атты әні жарық көрді.
Айта кетейік, Мархаба Сәби - "Қазақстан дауысы" байқауының қатысушысы. Ол "Ұнайды маған", "Ғана", "Сенімен", "Алып кет", т.с.с. өлеңдері арқылы танымал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!