100 долларға ұрған: Қостанайда тапсырыс орындаған тұрғын сотталды

11.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қостанайда ақша үшін үшінші тұлғаға физикалық күш қолдануға келіскен тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Ол заңсыз табыс табу мақсатында "тапсырыстарды" орындау үшін "Telegram" мессенджеріне арнайы тіркелген.

2026 жылғы наурыз айының соңында сотталушы анықталмаған тұлғадан жәбірленушінің жүрген жерін анықтап, физикалық күш қолдану туралы тапсырма алған. Ол жұмысы үшін 100-200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілген.

"Жәбірленушінің жүрген жерін анықтағаннан кейін, сотталушы анықталмаған тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының құрамымен жәбірленушінің басы мен денесіне бірнеше рет қасақана соққы жасаған. "Тапсырыс" орындалғаннан оған 100 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы төлеген", - дейді сот.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Ал жәбірленушінің сотталушыны қатаң жазаламауды сұраған.
Сот оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью