100 млн теңге пара алған: Атырауда әкім міндетін атқарушы күдікке ілінді

05.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

фото: Ақ жайық

Таратылған мәліметке сәйкес, 49 жастағы шенеунік Атырау қаласы әкімінің орынбасары және құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Ол кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына өзгеріс енгізуге мүдделі компаниядан 100 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, қаржы қосалқы мердігер арқылы берілген.

Ақпаратта қылмыстық іс материалдарында су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС басшылығының да аты аталғаны жазылған.

Істі Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеп жатыр.

Әзірге құқық қорғау органдары мен өзге де тараптар бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан жарияланған мәліметтер ресми түрде расталмаған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында пара алған мектеп директоры сотталғанын хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью