Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.
Шаһардың Білім басқармасы ұйымдастырған айшықты жоба жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Флешмобқа әзірлік бірнеше ай бұрын басталған. Жобаға қала бойынша 200-ден астам мектеп пен қосымша білім ұйымы қатысып, негізінен 7–10 сынып оқушылары қамтылды. Бірнеше апта бойы мыңға жуық педагог 11 500 жас өнерпазды үлкен сахнаға дайындаған. Ұйымдастырушылар домбыраның қоңыр үні арқылы ұлттық мұраны дәріптеп, өскелең ұрпақтың рухын көтеру көзделгенін айтады.
Оқушылар бір мезетте орындаған музыкалық туынды мыңдаған домбыраның үнін бір арнаға тоғыстырып, жас ұрпақтың бірлігі мен өнерге деген құрметін көрсетті. Бағдарламаға Төлеген Мұхамеджанов пен Алтынбек Қоразбаевтың әндері, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері, сондай-ақ Құрманғазының «Балбырауын» күйі жаңа өңдеуде таңдалып алынған.
Іс-шараның шарықтау шегі – ұлттық рекорд ресми тіркелді. Білім басқармасының бастамасын Қазақстан рекордтар кітабы қолдап, ұйым өкілдері қатысушылар санын, орындаудың ұзақтығын (4 минут 38 секунд), көркемдік ерекшелігін мұқият саралады. Ерекшелігі – қатысушылар бір күй ғана емес, түрлі жанрдағы шығармалардан құралған күрделі попурриді орындады. Нәтижесінде, «Жаппай жетістіктер» санаты бойынша жаңа рекорд ресми тіркеліп, арнайы сертификат табысталды.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш бұған дейінгі Талдықорғанда тіркелген (5 000 адам) рекордтан екі есе асып түскен. Сонымен қатар Атырау (2010 жыл – 1 073 адам), Орал (2010 жыл – 1 700 адам) және Астана (2024 жыл – 3 200 адам) қалаларындағы нәтижелер де жаңартылды.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды
Күрес • Кеше
«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Марапат • Кеше
Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар
Су тасқыны • Кеше
Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес
Қоғам • Кеше
Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі
Қоғам • Кеше
Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған
Оқиға • Кеше
Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады
Қоғам • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты
Оқиға • Кеше
Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды
Оқиға • Кеше
Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты
Қоғам • Кеше
Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?
Экономика • Кеше
Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады
Әскер • Кеше
«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті
Мереке • Кеше
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Қоғам • Кеше