Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 қазанда ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған. Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілген.
Мән-жайы"Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды. Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. Ер адам елордада емін жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!