12 адам жабылған : Алматыдағы күзетші мен тұрғынды соққыға жықты

06.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыдағы "Каспий" тұрғын үй кешенінде жаппай төбелес болып, күзетші мен бір тұрғынға бірнеше адам шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 5 қарашаға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 12 адам кешеннің күзет қызметкері мен тұрғынның бірін ұрып-соққан. Төбелес сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қақтығыстың нақты себебі әзірге белгісіз.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта алты күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады. Әрбір қатысушы заң алдында жауап береді, — деді Алатау ауданы Полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью