12 адамның қазасы: Ақтөбеде аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда

23.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ақтөбедегі жол-көлік апаты кезінде аман қалған адамдар қазір ем алып жатыр. Бір жолаушы ғана ауруханаға жатпады.

— Медициналық мекемеге жеткізілген бес адамның үшеуінің жағдайы ауыр, екеуінде орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыс әкімі Асхат Шахаров жол-көлік оқиғасы болған орынға шықты, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью