Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бақылау сынағы жеке жауапкершіліктің айқын үлгісі болып, бүкіл жеке құрамға талапты күшейтті. Олар дене дайындығы бойынша сынақтар тапсырып, № 3 жаттығуды (белтемірге тартылу) және № 37 жаттығуды (1 шақырым жүгіру) орындады.
Фото: Қорғаныс министрлігі— Дене дайындығы — әскери қызметтің ажырамас бөлігі. Командирлер әрдайым жеке құрамға үлгі болуы тиіс. Сондықтан талап қоюмен қатар, өздері де сол талаптарға сай болуы қажет. Әскер — бұл тек техника ғана емес, ең алдымен рухы мықты, физикалық тұрғыдан дайын, білімді әрі тәртіпті жауынгер, — деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.
Қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау сынағын Спорт комитетінің офицерлері қабылдады. Нормативтерді орындаумен қатар, жаттығуларды орындау техникасы, төзімділігі және жалпы дене дайындығының деңгейі ерекше назарға алынды.
Спорттық іс-шараның басында медициналық қажетті құрал-жабдықтармен және санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген дәрігерлік-фельдшерлік бригада тұрды.
Фото: Қорғаныс министрлігіЖалпы министрліктің басшылық құрамы жақсы физикалық дайындық деңгейін және белгіленген нормативтерді толық көлемде орындауға дайын екенін көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен офицерлер келесі жиында марапатталатын болады. Ал алынған көрсеткіштер алдағы дене дайындығын жоспарлау кезінде ескерілетін болады.
Фото: Қорғаныс министрлігіБақылау сабақтарына ведомство басшылығының қатысуы Қарулы күштерде дене дайындығына қойылатын талаптардың баршаға бірдей екенін және ол жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі болып қала беретінін көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Қарулы күштердің үздік мергендері анықталды.