​12 маусымда Атырауда қай жерде су өшірілетіні хабарланды

11.06.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Салқын судың өшірілетіні туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлады.

Абай көшесіндегі №17 үйдің маңындағы Д-160 мм су құбырында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №15 қысымды арттырушы сорғы станциясының жұмысы тоқтатылады.

Осыған байланысты, 2026 жылдың 12 маусымында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға су жіберу тоқтатылады:

Абай көшесі, №11, 11а, 13, 13а, 15, 15а, 17, 17а, 19, 21, 21а, б

Махамбет көшесі, №116 а,б,в,г,д, №118 а,б,в,г

Махамбет көшесі, №118 е мекенжайындағы «Ярмарка» сауда үйі

№2 полиция пункті

Абай көшесі, №15А/1 мекенжайындағы «Отбасы банк» АҚ

М. Өтемісов көшесі, №116 б мекенжайындағы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті

Бүгін, 17:37

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью