12 мыңнан астам контрафакт алкоголь тәркіленді

01.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы алкоголь дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен шыны бөтелкелерге құйылған.

Өнімге заңды сипат беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған.

Тінту барысында заңсыз айналымнан  Finsky Ice  және «Сибирские морозы» атауларымен 12 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 8 мыңнан аса бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық, жалған маркалар, сондай-ақ өндіру және буып-түю жабдықтары тәркіленді.

Соттың санкциясымен цех орналасқан жекеменшік үйге, сондай-ақ өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды.

Ұйымдастырушыға қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: мұндай өнімдерді тұтыну азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, улануға, ішкі ағзалардың, соның ішінде бауыр мен бүйректің зақымдануына, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью