Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Елдің орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматы - күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкент - күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 13-18 градус жылы. Көкшетау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарда жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13 жылы, таулы аудандарда 0-5 жылы, күндіз 20-25, таулы аудандарда 10-15 градус жылы. Қонаев - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз жаңбыр жауады.
Жетісу облысы - жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, күндіз 10-15 градус жылы. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыс орталығында 4 градус жылы, таулы аудандарда 1 градус үсік, күндіз 20-25, таулы аудандарда 15 градус жылы. Талдықорған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 21-23 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі, кей уақытта нөсер жауады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, таулы аудандарда 4 жылы, күндіз 18-23, таулы аудандарда 15 градус жылы. Түркістан - күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 19-21 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26 градус жылы. Орал - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14
метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 22-27 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 0-5, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 10, күндіз 23-28, облыстың солтүстік-батысында 20 градус жылы. Ақтау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 11 жылы, солтүстігінде 1 градус үсік, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы. Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 20-22 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 14-19, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы. Қостанай - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 15-17 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 11-16 градус жылы. Петропавл - күн құбылмалы болады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 12-14 градус жылы.
Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың шығысында 3 градус үсік, күндіз 12-17 градус жылы. Павлодар - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 13-15 градус жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы.Қарағанды - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 13-15 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус аяз, күндіз 17-22 градус жылы.Жезқазған - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, облыстың оңтүстігінде 3 жылы, күндіз 12-17, облыстың шығысында, таулы аудандарында 9 градус жылы.Өскемен - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 15-17 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың шығысында 3 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы.Семей - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 14-16 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 22-27 градус жылы.Қызылорда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы
түнде 8-10, күндіз 24-26 градус жылы.
Жамбыл облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, таулы аудандарда 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, таулы аудандарда 5 жылы, күндіз 15-20, таулы аудандарда 12 градус жылы.Тараз - ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 15-17 градус жылы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу