127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% педагогикалық мамандықтарға, 20% басқа салаларға  еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.

Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар және мұғалімдер  арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.

Білім грантына өтінімді eGov арқылы қалай береді?

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері кіреді.

ҰБТ: Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады?

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью