Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асылов криминогендік ахуалды бақылау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған шаралар жөнінде баяндады.
Биылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6 пайызға, соның ішінде қоғамдық орындардағы құқықбұзушылық 22,3 пайызға, көшедегі заңға қайшы әрекеттер 20,1 пайызға азайған.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 триллион теңге болатын активтер қайтарылған. Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылды, оның 378-і аяқталды.
"Алты облыста ірі медицина нысандары, Астана қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Балқаш, Павлодар және Арқалық әуежайларын жаңғырту жұмыстары аяқталды", - деді Асылов.
Айтуынша, активтерді қайтару, экстрадициялау және қылмыс жасаған адамдарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 екіжақты келісімге қол қойды. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланды, ал шет мемлекеттерге 123 адам берілді.
"Әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқы қалпына келтірілді. Соның ішінде 200 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша 2,5 миллиард теңге, алимент бойынша 7,9 миллиард теңге берешек өндірілді", - дейді Асылов.
Прокурорлар мемлекет қаржысын жұмсау кезінде сомасы 535 миллиард теңге заң бұзушылыққа тосқауыл қойды. Бюджетке 66,4 миллиард теңге қайтарылды.
Тоқаев барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде электоралдық кезеңде құқықтық тәртіпті сақтау шараларын үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі айтты.