132 миллион теңге: АҚШ та ішімдік ішкен келіншек Carnival круизінен өтемақы өндіріп алды

26.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

45 жастағы Диана Сандерс спирттік ішімдікті шамадан тыс бергені үшін Carnival круизін сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша 9 сағат ішінде 14 стакан текила ішкен.

Оқиға 2024 жылдың қаңтарында Carnival Radiance кемесінде болған. Келіншек кемедегі бардың бірінен емін-еркін құйылып жатқан спирттік ішімдіктен шамасына қарамай, көп ішкен. Жол ортады бөлмесіне жете алмай, баспалдақтан құлап, экипажға арналған аймақта ес-түссіз күйде табылған. Артынан оның бас-ми жарақаты ғана емес, арқасын соғып, денесін көгеріп алғаны анықталған.  

– Бұл  –  «бәрі ішінде» деген пакетпен сатылатын турдың қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Өйткені ол жердегі даяшылар клиенттің қауіпсіздігін ойламайды. Оларға бастысы – тегін құйылып жатқан ішімдікті көбірек беріп, клиенттен аздап шайпұл алып алуды ойлайды.  Осыны қадағалаған дұрыс. Ал клиентімнің Carnival сияқты ірі корпорацияға қарсы шығып, өз құқығын қорғағанына ризамын, – дейді адвокат Спенсер Аронфельд.

 Майами қаласындағы алқабилер соты компанияның салғырт әрекет еткенін анықтап, 45 жастағы медбикенің пайдасына шешім шығарды. Сөйтіп, бас-ми жарақатын алған круиз жолаушысына £220,000 көлемінде, біздіңше  132 миллион теңге өтемақы тағайындалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью