13,6 миллиард теңге: Павлодар облысы ескірген коммуналдық желілерді жаңартуды қолға алды

12.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз қалалары да былтырдан бері «қол қусырып отыруды» қойып, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларын бастаған облыс орталығынан қалыспауға шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aykin.kz. 

Осылайша, «Теплосервис-Ақсу» МКК қаланың магистральдық және тарату желілерін кезең-кезеңмен жаңартады. «Екібастұз жылу желілері» ЖШС да желілік инфрақұрылымды қайта жаңартумен айналысады. Бұдан басқа, Екібастұздағы «Горводоканал» МКК сорғы стансасын жөндеуді жоспарлап отыр.

ЭКСЖ-ны іске асыру Павлодарда да жалғасуда. Мәселен, мұнда 2026-2027 жылдары 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып жатыр. Олардың арасында сорғы стансасының құрылысы, жылу магистралін және орталық жылу пунктін  жөндеу жұмыстары бар. 

«Павлодар тарату компаниясы» АҚ әуе желілерін, трансформаторлық қосалқы стансаларды салу мен қайта жаңартуды және электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді көздеп отыр.

2026-2027 жылдары өңірдің үш қаласында жалпы сомасы 13,6 млрд теңгені құрайтын оннан астам ЭКСЖ жобасын іске асыру жоспарлануда. Дегенмен бір мәселені өскерген жөн – жобалар саны артуы мүмкін. Мәселен, ЭКСЖ жобаларын жүзеге асыру үшін Павлодарда – 5,8 млрд теңге, Екібастұзда – 5,2 млрд теңге, ал Ақсу қаласында  2,6 млрд теңге қажет.

«Кәсіпорындарға инфрақұрылымды күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, бірінші кезекте жылу беру сапасын арттырып, жаңа тұтынушыларды қосу үшін қуат қорын құруға тура келеді», – деді Павлодар облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов.

Еске салайық, алғашқы нысандардың бірі – 2025 жылдың соңында аяқталған еді. Сол кезде Павлодарда ЖМ-20А жаңа жылу магистралі пайдалануға берілді.

Ұзындығы 6 шақырымнан асатын жаңа желі ЖЭО-1-ден басталып, Ломов көшесінің бойымен өтеді. Құны 9,7 млрд теңгені құрайтын бұл жоба ескі желілердің жүктемесін азайтуға және 600 тұрғын үйді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ескі магистраль сонау 1972 жылы салынған болатын және осы уақыт ішінде әбден тозған еді. Жаңғырту кезінде заманауи материалдарды қолданудың арқасында жылу шығынын азайтып, жылу беруді еш үзіліссіз және «әлсіз» учаскелерсіз, бірқалыпты деңгейге жеткізу мүмкіндігі туды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью