Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
«Қазгидромет» синоптиктері 31 қаңтар, 1 және 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Тек елдің орталығы мен шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде ауа райы күрт суытып, оңтүстігінде біртіндеп жылынады.
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 12-23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 81-8 градус аяз болады.
Орталық облыстарда түнде 5-17 градус аяз, күндіз 0-10 градус аяз күтіледі.
Елдің оңтүстігінде түнде температура 6 градус жылудан 7 градус аязға дейін ауытқып, күндіз 3-13 градус жылу болады.
Оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус аяз, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, ал күндіз 3-10 градус жылу, таулы өңірлерде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін болады.
Елдің қалған аумақтарында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.