14 мың борышкер алимент төлеуден қашып жүр

07.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбе облысында алимент өндіру бойынша жеке сот орындаушыларына келіп түскен 16 916 істің 2 756-ы ғана аяқталған. 14 мыңнан астамы әлі де орындалмай тұр, деп жазады Egemen.kz

«Өңірдегі 97 сот орындаушысы ең бірінші кезекте кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру, заңсыз жұмыстан босатылғандар құқығын қалпына келтіру мен еңбекақы қарыздарын ала алмай жүргендердің ісімен шұғылданады. Түрлі кедергіге қарамастан осы бағытта жұмыс жалғасып келеді. Соның дәлелі, осы жылы алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты 425 әкімшілік іс қозғалып, 69 борышкерге айыппұл салынды, 356 адам әкімшілік қамауға алынды», дейді Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Қайрат Таңқаев.

Салыстырмалы түрде қарағанда, жеке сот орындаушыларының қолындағы алимент өндіру істерінің мемлекет пайдасына берешектерді өндіруге қарағанда саны аз. Мәселен, мемлекет кірісіне берешектерді өндіріп алу бойынша тіркелген 48 мыңнан астам атқарушылық құжаттың 27 мыңы толық орындалған. Қалып тұрғаны – 21 мыңнан астам іс.

Сот орындаушылары берешек қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты түрлі амалға барады. Соның ең тиімдісі – көшедегі рейдтік шаралар.

«Борышкерлерді көшеде тоқтатып, көліктерін айыптұрақтарға салу – қарызды өтеудің ең тез нәтиже беретін әдісі», дейді сот орындаушылары.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью