Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Іс-шара барысында өндірістік аумақтарды қоқыстан тазарту, нысандарды ретке келтіру, іргелес жерлерді абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстары атқарылды.
Акция нәтижесінде 14,65 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып, шығарылды. Сонымен қатар инфрақұрылым элементтерін сырлау, әктеу, жұмыс және қоғамдық кеңістіктерді жөндеу және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Компания өкілдерінің айтуынша, өндірістік аумақтардағы тазалық пен тәртіп – өндіріс мәдениетінің маңызды бөлігі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға жауапкершіліктің көрсеткіші болып саналады.
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Қазақмыс» кәсіпорындарында мұндай экологиялық және абаттандыру шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл өндірістік инфрақұрылымды жақсартуға, жұмыс жағдайын оңтайландыруға және жалпы еңбек мәдениетін арттыруға бағытталған.