15 ақпанда Олимпиада 2026 ойындарында өнер көрсететін қазақстандықтар белгілі болды

15.02.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 15 ақпан күні тоғыз медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, чемпиондар шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру, тау шаңғысы, трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл және скелетон түрлері бойынша анықталады.

Қазақстандық спортшылар тау шаңғысы, фристайл, биатлон және конькимен жүгіруден бақ сынайды.

Жарыс кестесі (Астана уақытымен): * 14:00 (бірінші айналым), 17:30 (екінші айналым). Тау шаңғысы – алып слалом, әйелдер Александра Скороходова

14:30. Фристайл – параллельді могул, ерлер Павел Колмаков

15:15. Биатлон – 12,5 км ізге түсу жарысы (пасьют), ерлер Владислав Киреев

21:00. Конькимен жүгіру – 500 м, әйелдер Кристина Силаева, Арина Ильященко

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью