Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін Көкшетау қаласында Нұрмағамбетов көшесінде өрт оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ хабарлауынша, жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған қазандықтың шатыры отқа оранған.
Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті 15 минут ішінде шағын аумақта сөндірді. Соның арқасында жалынның тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, яғни жанғыш құрылымдарға дейінгі арақашықтықтың тым жақын болуы себеп болған.