15 мыңнан астам сотталған адам бостандыққа шығады. Сенат заңды мақұлдады

11.06.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заңға Парламент депутаттары бастамашылық еткен және ол қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған. Құжат Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленді.

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Қазақстанда 15 мыңнан аса сотталған адам рақымшылыққа ілігеді.

Кімдер жазадан босатылмақ?

Қылмыстық теріс қылықтар мен ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылады.

Сондай-ақ рақымшылыққа мына тұлғалар ілігеді:

ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандар - жазаның өтелмеген бөлігі жартысына қысқартылады; келтірілген залалды толық өтеген, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар - мерзімі үштен бірге қысқартылады; залалды толық өтеген, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар - мерзімі төрттен бірге қысқартылады; залалды өтемеген, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар - мерзімі төрттен бірге азайтылады; залалды өтемеген, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар - мерзімі бестен бірге қысқартылады; мінез-құлқында теріс дәрежесі жоқ, рақымшылық қолданылған кезде жаза мерзімінің аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар - жазаның барлық қалған мерзімінен босатылады. Рақымшылық кімдерге қолданылмайды?

Рақымшылық шаралары мына тұлғаларға қатысты қолданылмайды:

террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар; экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар; коррупциялық қылмыс жасағаны үшін сотталғандар; ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері; азаптау үшін сотталғандар; кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар; қылмысты қайталаған тұлғалар; өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар; сырттай сотталған тұлғалар. Алғашқы әкімшілік рақымшылық

Заңның жеке нормасымен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әкімшілік рақымшылық қарастырылған.

Әкімшілік айыппұлдардан мыналар босатылады:

азаматтар; жеке кәсіпкерлер; нотариустар; адвокаттар; жеке сот орындаушылары; заң кеңесшілері.

Әңгіме заң өз күшіне енген сәтте өтелмеген және уәкілетті органдардың құзыретіне жататын айыппұлдар туралы болып отыр.

Бұл ретте рақымшылық мыналарға қолданылмайды:

соттар салған айыппұлдар; азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар. Қанша адам рақымшылыққа ілігеді?

Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылық 15,3 мыңнан аса сотталған адамды қамтиды. Оның ішінде 4,5 мыңға жуық адам қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатылса, тағы 10,8 мың сотталғанның негізгі жаза мерзімдері немесе көлемі қысқартылады.

Құжатты қарап шыққан Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенатқа "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды мақұлдауды ұсынды. Сенаторлар құжатты қолдады.

Бұған дейін рақымшылықтың кімдерге қатысты болатынын, қандай айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығару жоспарланып отырғанын, Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайраттың жаза мерзімін қысқартудан үміті бар ма, сондай-ақ биліктің неге рақымшылықты дәл қазір өткізуді ұйғарғанын егжей-тегжейлі айтқан болатынбыз. Толығырақ – мына сілтеме.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью