Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Президент Қасым-Жомарт қол қойған Жарлық бойынша, 15 наурыз күні жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге барған азаматтарға мынандай сұрақ қойылады:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба»?
Бірден айту керек, осынау жалғыз сұрақтың артында Конституцияның 96 бабы тұр. Мәтін соңында сол 96 баптың қазіргі Ата заңдағы 99 баптан айырмашылығы қандай екенін, қолданыстағы құжаттан қандай баптар түсіп, жаңа редакцияда қандай тың баптар енгізілгенін нақты көрсететін салыстырмалы кесте ұсынамыз. Әуелі соңғы жарты айдың көлемінде қатты талқыланып, eGov ресурсына түскен ұсыныстардың санын 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін арттырған мәселелерге тоқталайық.
Қазіргі Конституцияның преамбуласы мемлекеттілігін енді ғана қалпына келтіріп, болашаққа үлкен үмітпен қадам басқалы отырған халықтың атынан айтылғандай әсер қалдырса, жаңа редакциядағы кіріспе мемлекеттілігі толық қалыптасқан, өткенін бағамдап, болашағын нақты айқындаған елдің негізгі құжаты екенінен хабар беріп тұр. Кіріспе мәтініндегі «мемлекеттілікті нығайта отырып», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап», «Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып» деген оралымдар – соның мысалы.
І бөлім
Бірінші бөлім қазіргі Ата заңда «Жалпы ережелер» деп аталса, жаңа Конституцияда «Конституциялық құрылыс негіздері» деген атау алған.
Осы бөлімдегі 2-баптың 1-тармағындағы «біртұтас» сөзі өзгеріп, Қазақстанның «унитарлы» мемлекет екені айқындалған.
Қазіргі редакциядағы 3-1-бапта «Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін» деген норма бар. Жаңа редакцияда бұл норма түсіп қалған. Бірақ 5-баптың 6-тармағында жекелеген өңірлерге «қарқынды дамитын қала» атты арнаулы құқықтық режим берілуі мүмкін екені айтылған. Бұл режим қаржы саласына қатысты болғанымен, мемлекеттік басқару, сот жүйесіне де қолданылуы мүмкін екені анық жазылған.
Елдегі биліктің негізгі иесі туралы норма қазіргі Конституцияның 3-бабында болса, жаңа редакцияда бұл 4-бапқа ауысқан. Қазіргі нұсқадағы «халық» сөзі «Қазақстан халқы» деп нақтыланған, билікпен қоса Егемендіктің иесі де қазақстандықтар екені көрсетілген.
Қолданыстағы 4-баптың 3-тармағында ел аумағында күші бар деп танылған халықаралық шарттар Қазақстан заңдарынан басым деп көрсетілген. Ал жаңа Конституциядағы 5-баптың 3-тармағында бұл норма екіұштыланып, халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңдарда айқындалатыны ескертілген.
Жаңа редакцияның шетелден қаржы алатын коммерциялық емес ұйымдарды бүкіл қаржы операциясын қоғам назарына ашық жариялауға міндеттейтін норма қосылған (6-бап, 5-тармақ).
Қазіргі Ата заңдағы 6-баптың 5-тармағында шетелдік діни бірлестіктердің жергілікті басшылары мемлекеттік органдардың келісім арқылы ғана тағайындалатыны айтылған. Жаңа редакцияда бұл норма түсіп қалған.
Жаңа Конституцияның 7-бабы түгелдей дінге арналған. Нақты айтсақ мемлекеттің діннен бөлек екені, адамның дін мәселесіндегі еркіндігі қандай жайттарда шектелетіні нақты көрсетілген.
Осылайша мемлекеттік тіл туралы норма жаңа редакцияда 9-бапқа ығысқан. Мұндағы жалғыз айырмашылық – атышулы 2-тармақ ішінара өзгертілген. Қазіргі 7-баптың 2-тармағында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп келсе, жаңа нұсқада «тең» сөзі «қатар» болып жазылды.
ІІ бөлім
Екінші бөлім қазір «Адам және азамат» деп аталса, жаңа Конституцияда «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» болып өзгерген. Жобадағы 13-баптың 3 тармағында қос азаматтықтың салдары нақтылана түскен. Ондайға жол берген адам автоматты түрде Қазақстан азаматы мәртебесінен айырылатыны айқындалған.
Қазіргі 11-баптың 2-тармағында ел аумағынан тыс жердегі қазақстандықтарға мемлекет қорғау және қамқорлық кепілдігін берсе, жаңа құжаттағы 14-баптың 2-тармағында қорғау мен қамқорлыққа кепілдік берілген. Жаңа редакцияда тек «қорғау кепілдігі» қалған.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жаңа 15-баптың 6-тармағында мемлекеттік орган мен лауазымды адам кесірінен аталған құндылықтарға зиян келсе, мемлекет оны өндіріп беретіні көрсетілген. Қазіргі Конституцияда ондай тармақ жоқ.
Жаңа Конституциядағы адамның білікті заң көмегін алу құқығы туралы нормада «тегін заң көмегі туралы» сөйлем алып тасталған. Қазіргі нұсқада «Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі» деген нақтылау болған еді.
Ал қандай да бір заң бұзу күдігіне ілінген адамды сот шешімінсіз ұстау мерзімі екіұштыланып, «заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп жазылған. Қазіргі нұсқада 72 сағаттан аспау керектігі нақты айтылып тұр. Жаңа Конституцияның ең прогрессивті нормаларының бірі ретінде көп насихатталған Миранда қағидаты осы 18-бапқа енген.
21-баптағы жеке өмірге қол сұғылмау құқығы цифрлық ортадағы дербес деректерді қамтитыны қосылған.
Адамның ұлттық және діни ұстанымын көрсетпеу құқығы туралы нормадан партиялық ұстаным туралы тұсы алып тасталған. Қазіргі Конституцияда азаматтар қай партияға мүше екенін де айтпауға құқылы болатын.
Сөз еркіндігі мен ақпарат тарату еркіндігі туралы 23-бапта бұл құқық шектелуі мүмкін екені, оған негіз болатын факторлар айқындалған.
Ал 24-бапта адамның Қазақстан аумағынан шығу құқығы абсолютті еместігі көрсетілген. Қазіргі құжатта әркімнің Қазақстаннан тыс жерлерге кетуіне және қайта оралуына құқығы бар екені ғана жазылған.
Саяси партиялар мен кәсіподақ құрамында болуға құқығы жоқ лауазым иелері туралы бап жаңа оралымдармен толығып, сот билігі өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлерінің, әскерилердің қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге не сыни пікір білдіруге құқығы жоқ екені ашып жазылған.
Азаматтардың еңбек дауын шешу құқығы туралы баптан «ереуіл жасау құқығы» туралы оралым түсіп қалған.
Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы туралы бапқа баспанадан «шығарып жіберуге жол берілмейтіні» қосылған.
Жаңа 30-бапқа «неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» екені туралы тармақ енгізілді.
33-баптың 5-тармағында діни білім беретін мекемелерден басқа білім ұйымдарының бәрі зайырлы сипатта жұмыс істеу керектігі шегеленген.
Қазақстандықтардың бейбіт жиналысқа қатысу құқығы туралы бап біраз өзгеріске ұшыраған. Нақты айтсақ, қазіргі Ата заңдағы «қарусыз жиналуға», «митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы» деген оралымдар жаңа нұсқада жоқ. Аталған құқықты шектейтін факторлардың қатарына «қоғамның адамгершілік болмысын сақтау» дейтін тіркес қосылған.
Жоба бойынша сайлануға құқығы жоқ адамдардың қатарына жемқорлық әрекеті дәлелденген адамдар да енгізілмек. Сондай-ақ, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған азаматтар да сайлану құқығынан айырылатыны нақтыланған.
ІІІ бөлім: Президент
Жаңа Конституцияда Президенттікке үміткер азаматқа қойылатын талаптар қатаңдатылған. Нақты айтсақ, «мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеу» талабы Ата заң мәтініне шығарылып отыр.
Бұл бөлімде Президент тағайындап, қызметінен босататын жоғары лауазымдардың қатары көбейген. Олар:
Вице-Президент Премьер-министр Үкімет мүшелері сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлері Конституциялық сот төрағасы Жоғарғы сот төрағасы Ұлттық банк төрағасы Бас прокурор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық соттың он судьясы (сегіз жыл мерзімге) Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі (бес жыл мерзімге) Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесі (бес жыл мерзімге) Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығы.Президент бұлардың ішінде Вице-Президент пен Премьер-министрді, Конституциялық сот судьялары мен Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден екі рет бас тартқан жағдайда бір палаталы Парламент – Құрылтайды таратуға құқылы болмақ.
Сондай-ақ, ол Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан конституциялық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады.
Президенттің өз еркімен, денсаулығына байланысты қызметтен кетуі, отанға опасыздық жасады деген айыппен кетірілуі туралы нормалар да ішінара нақтыланған (50, 51-баптар).
Мемлекеттік басқару жүйесіне Вице-Президент лауазымын қайтару – жаңа Конституциядағы елеулі жаңалықтың бірі. Оның құзыреті мен құқықтары туралы бірнеше бап енгізіліп отыр.
IV бөлім: Парламент/Құрылтай
Мұндағы басты өзгеріс – аралас сайлау жүйесінен пропорциялы өкілдік жүйеге көшу туралы шешім.
Қазіргі Конституцияда Парламент Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні туралы норма бар. Жаңа Конституцияда бұл норма жоқ.
Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығаруға бастама көтеру құқығы берілетіні де осы бөлімде айтылған.
Құрылтай өз келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартса, Құрылтай төрағасының кандидатурасын екі рет бекітпесе, таратылады.
Жаңа Ата заңның VI бөлімі түгелдей Қазақстан Халық Кеңесіне арналған.
VІІ бөлімнің 75-бабы 3-тармағында Конституциялық сот халықаралық ұйымдар мен олардың органдардың шешімдері мен жекелеген ережелерін Ата заңға сәйкес келмейді деп таныса, Қазақстан аумағында орындалмайтыны көрсетілген.
Елдегі адвокаттар қауымдастығының ұсынысымен 86-баптың 1-тармағына адвокатура институтының функциясы конституциялық норма болып енгізілді.
XI бөлім: Қорытынды және өтпелі ережелер
95-бапта жалпыхалықтық референдумда халық жаңа Конституция жобасын жақтап дауыс берсе, 2026 жылдың 1 шілдесінде қазіргі Парламент қызметін тоқтатып, екі айдың ішінде Құрылтай сайлауы жарияланатыны айтылған.
«Жалпыхалықтық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады».
Қазіргі конституциядағы осы норма жаңа Конституцияда қалып отыр. Демек, 30 жыл бойы Конституция күні ретінде тойланып келген 30 тамыз тарих қойнауына енбек. Жаңа Конституция күні қай күнге белгіленетінін уақыт көрсетеді.
Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform Фото: Kazinform