Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Небәрі 15 жаста болғанына қарамастан, Аңсар өзінен жасы үлкендермен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білді.
Аңсар финалда ғана жарыстың 1-ракеткасы, жергілікте теннисші Цзяху Хумен кездесті. А.Ниетқалиев тәжірибелі қарсыласына екі сетте есе жіберді.
Бұдан бір аптадан сәл астам уақыт бұрын Аңсар Ниетқалиев Қытайдың Гуанчжоу қаласында ITF World Tennis Tour Juniors (J60) турнирінде үздік шыққан еді.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 198-ракеткасы Тимофей Скатов Шымкент челленджер турнирінің финалында бақ сынады.
Жарыстың 1-ракеткасы Т.Скатов финалда ATP рейтингісінде 359-орындағы өзбекстандық Сергей Фоминге шамасы келмеді – 3:6, 5:7.
Шымкентте Денис Евсеев жұптық сында молдовалық Раду Алботпен бірге жартылай финалға дейін жетті. Олар жартылай финалда ресейлік Святослав Гулин – америкалық Дали Бланшқа жол берді – 4:6, 2:6.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилинаның Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінде жолы болмады.
А.Данилина осыған дейін сербиялық Александра Круничпен бірге бақ сынап келген еді.
Бұл жолы америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге жұп құрып, жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда норвегиялық Улрикке Эйкери — америкалық Кайла Глисонмен (АҚШ) бетпе-бет келді. Қазақстандық-америкалық дуэт ойсырай жеңіліп қалды – 2:6, 1:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 15 жастағы қазақстандық теннисшінің Қытайдағы турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастады.
Жібек Құламбаева Қытайдағы жарыстың жеңімпазы атанды.