15 жылдық некеміз бұзылды: Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі екі баласымен бөлек кеткенін айтты

04.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина Жолбарыс әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесімен жұртты елең еткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Екатеринаның айтуынша, отбасылық өміріндегі ауыр кезеңінде күйеуінен екі баласымен бөлек кету туралы қабылдаған шешімін ашық баяндады.

– 15 жылға созылған некеде уақыт өте келе түсіністік жоғалып, ортақ әңгіме де, келісім де нәтиже бермеді. Екеуара әңгімелер де көмектеспеді. Бір-бірімізді естімедік. Сезім болды, бірақ анықтық болмады, – деп жазды ол.

 Оның сөзінше,  жаңа өмір бастауға бел буғанымен, оған бастар жол ауыр болғанын жасырмады. Бұл  – өзін және балаларын сақтап қалудың жалғыз жолы. Сөйтіп, нумерологияға жауапсыз қалған сұраққа жауап іздеп, бәрі ішкі ізденісінен басталған.

«Өз қателіктерімді түсініп, оларды түзету жолын көрдім», – дейді Екатерина.

Қазір ол бұл кезеңді жеке трансформация мен рухани өсу жолы деп бағалайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Катя Вайт (@katya.white.kz)

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью