Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
— Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік мемлекеттік шекара белдеуіндегі 3 мыңнан аса телім жекенің қолында екенін жазған едік.