Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған Астана мен Алматыдағы ауа райы болжамын ұсынды. 11, 12 және 13 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді: елордада алдымен +32 градусқа дейін ыстық болып, кейін жаңбыр мен найзағай салдарынан температура күрт төмендейді. Ал Алматыда жылы ауа райы сақталып, сынап бағанасы +34 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы11 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +30...+32 градус.
12 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +21...+23 градус.
13 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +16...+18 градус.
Алматыдағы ауа райы11 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды
Кеше 18:00 1
12 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.
13 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгередіБұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейетінін айтқан болатын. Бұл ретте оңтүстікте жылы ауа райы сақталады. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу