16 облыста дауылды ескерту жарияланды

07.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктің таулы аймақтарында нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде бұршақ пен екпінді жел болжануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыс өңірлерде күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Алматы қ.: 07 сәуірде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 07 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

07 сәуірде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

07-08 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

07-08 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.  Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

07 сәуірде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

07 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

07 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

07 сәуірде Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

07 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

07 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью