16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

15.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

5–11 қазан аралығында Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтті. Қатысушылар жекелей сында жүлделі орындарға таласып, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлдар арасындағы жарыста бірінші нөмірмен тіркелген Артем Софрыгин жеңімпаз атанды. Финалға дейін ол Даниил Лабодовский, Әлішер Базарбеков, Мұхаммед Айдарбек және Асылжан Оразбайды кезекпен жеңді.

Финалда Софрыгин алтыншы нөмірмен тіркелген Никита Балканмен кездесті. Тартысты өткен шешуші матч үш сетке созылды. Нәтижесінде Софрыгин 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді.

Қола жүлдегер Асылжан Оразбай атанды. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде Санжар Болатты 6:1, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Қыздар арасындағы жарыста бірінші нөмірмен тіркелген Елизавета Нигматулина чемпион атанды. Турнир барысында ол Стефания Сауэр, Лилианна Сон, Салима Ижан және Айару Әділбекті жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Нигматулина екінші нөмірмен тіркелген Дария Есеевамен кортқа шықты. Матч Нигматулинаның екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:4, 6:0.

Үшінші орынды Айару Әділбек иеленді. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде Айяри Қуаншалиевадан 6:4, 6:0 есебімен басым түсті.

ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, Қазақстан біріншілігі жас теннисшілер үшін жарыс маусымындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Турнир қатысушыларға өз жас санатындағы мықты қарсыластармен күш сынасып, шеберліктерін шыңдауға және қосымша ойын тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью