Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, 16 жасқа толмаған азаматтардың әлеуметтік желілерде өз бетінше тіркелуіне тыйым салуды көздейтін құқықтық нормалар әзірленді.
Бұл ережелер онлайн-платформалар мен БАҚ туралы заң жобаларына енгізіліп, қазіргі таңда қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды Бұл талаптың орындалуын қадағалау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі Оқу-ағарту, Цифрлық даму және жасанды интеллект министрліктерімен тізе қоса қимылдамақ.
Мамандар пайдаланушылардың нақты жасын анықтайтын арнайы технологиялық механизмдерді жасап, талапты бұзғандарға қатысты жауапкершілік мәселесін де пысықтап жатыр.
«Халықтың медиасауаттылығын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады.
Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.