Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстанның солтүстігінде 16 жасар оқушы қыз мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойды. Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданына қарасты Гусаковка ауылында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Halyqstan телеграм арнасының жазуынша, мектеп оқушысы сабаққа келіп, мұғалімнен дәретханаға сұранып шыққан. Қыз бала өзімен бірге 70 пайыздық сірке суын (уксус) ала келген. Әжетхананың ішіне кіріп, есікті іштен іліп алған ол бөтелкедегі сұйықтықты ішіп салып, ауыр күйік алған. Көп ұзамай оны мектеп қызметкерлері тауып алды.
Қыз бала шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол жерден тікұшақпен Петропавл қаласына жөнелтілді. Қазіргі уақытта жасөспірім облыстық балалар ауруханасында ауыр халде жатыр.
Оқиға 4 ақпан күні болған. Оқушының мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Білім басқармасы мен полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әлі де ресми мәлімдеме жасаған жоқ.