1,8 млрд теңге жымқырды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: Видеодан скрин

Тергеу барысында 2022-2024 жылдар аралығында Қазақстанның үш азаматы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қайтарылмайтыны алдын ала белгілі несиелерді рәсімдеу схемасын әзірлегені анықталды.

«Қауіпсіз шотқа ақша аударыңыз»: Ақтөбе тұрғынының қомақты қаржысын алаяқтар иемденіп кеткен

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін олар азаматтарды автокөлік сатып алуға банктік несие алуға тартқан. Кейіннен аталған көліктерді қаскөйлер сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелері іс жүзінде жоқ автокөліктерге банктік несие рәсімдеуге байланысты тағы бір алаяқтық схеманы қолданған. Ол үшін ойдан шығарылған көлік құралдары Алматы қаласының Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында Қырғыз Республикасынан әкелінгендей заңсыз тіркелген. Осыдан кейін олардың «сатып алынуы» үшін үшінші тұлғалардың атына екінші деңгейлі банктерден несиелер рәсімделген», делінген ақпаратта.

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Сыбайластар осы тәсілмен алынған қаражатты да жеке мақсаттарына пайдаланған. Заңсыз әрекет салдарынан екі қаржы ұйымы мен 77 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

«Қылмыстық топтың екі мүшесіне қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Үшінші қатысушы қылмыс жасағаннан кейін тергеу органдарынан жасырынып, оған іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол Қырғыз Республикасының аумағында анықталып, ұсталды. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью