Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Алматылық Аббас Шамшиден осыдан бес жыл бұрын, 18 жасында тәуекелге бел буып, Еуропаға аттанған. Сол жақта жоғары оқу орнына түсіп, екі шет тілін қатар меңгерген. Қазақстанға оралғаннан кейін әскери борышын өтеуге кірісті. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген қатардағы жауынгер шетелдегі өмірі мен тіл үйрену тәжірибесі туралы айтып берді.
"Ақшаны екі жыл жинадым"
Аббас 9-сыныптан бастап шетелге баруды ойлаған. Содан жоспар құрып, алдымен ақша жинауға кіріскен.
"Мен 9-сыныпта жұмыс істеп, ақша жинай бастадым. Әрине, ата-анамның көмегі де көп болды. Бірақ оларға салмақ салғым келмеді. Бірнеше мейрамханада даяшы болып істедім, тойларда ақша таптым. Осылайша, 11-сыныпқа дейін 1,9 млн теңге жинап алдым", – дейді Шамшиден.
Аббас Чехия астанасы Прагаға баруға шешім қабылдаған. Ол жерден аграрлық университетті таңдаған. Алайда жинаған ақшасы жатақхана депозиті мен жол шығындарын өтеуге ғана жеткен.
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман Асқар
"Оқу ақысына ақшаны кредитке алдым. Оны бірден төлей бастадым. Өйткені Чехияда оқумен қатар жұмыс істедім. Әке-шешем мен екі ағам да көмектесті. Оларға алғысым шексіз", – деп атап өтті Аббас.
"Әлемді көргім келді"
Бастапқыда Аббас Түркия мен Германияны да қарастырған. Алайда Чехия Еуропаның қақ ортасында орналасқан, әрі күнделікті өмірге кететін шығындары қолайлы болған.
"Сол кезде коронавирус болды ғой. Оқу ақысы қатты қымбат болған жоқ. Бірақ ата-анам бастапқыда жібергісі келмеді, таныстарымыз тұратын жер іздеді. Түркия мен Чехиядан ешкімді таппады. Ал мен әлемді көргім келді, Қазақстаннан тыс жерде не болып жатқанын өз көзіммен көрсем екен деген арманым болды. Әке-шешем соны байқаған болуы керек, ақыры өз батасын берді", – деп еске алды Шамшиден.
Прагада Аббас төрт жыл оқыды. Алайда ол жақта бакалавриаттың оқу мерзімі – үш жыл. Бір жыл тіл үйренуге беріледі. Осы уақыт ішінде студенттер ағылшын немесе чех тілін меңгеруі керек. Аббас екеуін де үйреніп алған.
Тіл үйренудің ең жақсы әдісі
Аббас Чехияға тек қазақ және орыс тілін біліп барған. Жаңа ортада шет тілін меңгеруге тура келген.
"Шынын айту керек, мен үшін бірінші жыл ең ауыр болды. "Үйге қайтайын ба?" деген ой да келді. Бірақ достарымның қолдауы арқасында ол кезеңнен де сүрінбей өттім. Қазақтар бір-бірін кез келген жерде тауып алады ғой. Алматыдан ұшқанда ортақ чатта танысқанбыз. Содан Прагада бәріміз дос болып кеттік", – дейді ол.
Аббас тілдік курстан кейін бірден ағылшын тіліндегі бөлімге түсуге шешім қабылдаған. Кейін чех тіліне ауысқан.
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман Асқар
"Мен бірінші курсты ағылшын тілінде оқуға шешім қабылдадым, өте қиын болды. Бірақ тілдік ортаға түскен соң, тез үйренеді екенсің. Бұл – тіл үйренудің ең жақсы әдісі деп ойлаймын. Себебі үйреніп жатқан тілдің ортасына түсесің де, амал жоқ, жаңа ортада тіл сындыра бастайсың. Кейін достарым да чех тілінде жақсы сөйлей бастағанымды байқап, мақтай бастады. Ондай сөздерден кейін тіл үйренуге деген құлшынысың арта түседі екен", – деп атап өтті Аббас.
Еуропадағы білімнің ерекшелігі
Чехияда алғашқы жылы сабақтардың бәрі онлайн форматта өткен. Себебі коронавирус пандемиясы әлі аяқталмаған еді.
"Бізді екінші курста ғана жартылай офлайн форматқа ауыстырды. Сол кезде университетімізді алғаш рет көрдік, көрдік те таңғалдық. Бәріміз әдетте университеттің бір ғимаратын ғана көріп үйренгенбіз ғой. Ол жақта университет аумағына қалай кіргенімізді де білмей қалдық. Біреуден сұрасақ, "сендер университет аумағында жүрсіңдер" дейді. Енді баратын блокты ғана табу керек екен. Сөйтсек, университет қалашығында адасып жүр екенбіз", – деп толықтырды Аббас.
Аббас достарымен бірге алғашқы сабаққа кешігіп барса да, ескерту алмаған.
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
1/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
2/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
3/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
4/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
© Sputnik / Арман АсқарАлматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
5/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
1/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
2/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
3/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
4/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
5/5
© Sputnik / Арман Асқар
Алматылық Аббас Шамшиден төрт тілді меңгерген
"Ол жақта кешігуге көп мән бермейді екен. Міндетті пәндер бар, оған кешігуге болмайды. Алайда ондай сабақтар көп емес. Ең бастысы – емтихан. Оны тест түрінде және ауызша тапсырасың. Сосын оқытушылары мықты, шетелден келген мамандар көп", – дейді Шамшиден.
"Отбасымды сағындым"
Аббас Чехиядағы оқуын 2025 жылы аяқтап, бизнес басқару мамандығы бойынша диплом алған. Қазақстанға оралғаннан кейін бір айдан соң әскерге шақырылған. Қазір ол Қарағандыдағы Ұлттық ұланда борышын өтеп жүр.
Жақында қатардағы жауынгер Аббас Шамшиден Астанада өткен "Болашақ ойындары" кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін іссапарға жіберілген. Төрт тіл білетін сарбаз туристермен сөйлесіп, олардың сұрақтарына мүдірмей жауап берген.
"Әрине, бұрынғы орта болмаған соң, бұрынғыдай шет тілдерінде еркін көсіле алмайсың, тілді ұмыта бастайсың. Ал осындай халықаралық шаралар кезінде туристермен сөйлесіп аласың. Сосын әскери бөлімде жатар алдында шет тілдеріндегі диалогтарды еске түсіруге тырысамын", – дейді Аббас.
Әскерден кейін Аббас Қазақстанда қалуды жоспарлап отыр.
"Басқа елге көшуді ойлап жүрген жоқпын. Ата-анамның жанында болатын шығармын. Оларды бес жыл көрмедім ғой. Жиендерімді де сағындым", – дейді ол.
Аббас енді қытай тілін де меңгеруді жоспарлап жүр.