19 жастағы Кирилл Проходов семсерлесуден Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түсті. Жапон спортшылары Токио Олимпиадасының чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері саналады. Тартысты өткен финалда Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық бәсекенің шешуші сәтінде Кирилл Проходов ерекше көзге түсті. Жас отандық спортшыға Жапония құрамасының көшбасшысы, Токио Олимпиадасының командалық сындағы чемпионы әрі Париж Олимпиадасының жеке сайыстағы чемпионы Коки Канноға қарсы соңғы кезең сеніп тапсырылды.

Кездесудің қорытынды бөлігінде Проходов Қазақстан құрамасының басымдығын сақтап, есеп айырмасын ұлғайтып, команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.

Осылайша, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов  бастаған Қазақстан командасы өздерінің басты қарсыластарының бірі Жапония құрамасын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью