Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел тарихындағы тұңғыш жүлдегер атанды, деп хабарлайды Tengri Sport семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел тарихындағы тұңғыш жүлдегер атанды, деп хабарлайды Tengri Sport семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 жастағы спортшы Бразилияда өткен әлем біріншілігінде саблядан жекелей сында қола жүлдені иеленді.
Турнирді 1/64 финалдан бастаған қазақстандық Жапония, Мажарстан, Сенегал, Ресей және АҚШ спортшыларын сенімді жеңіп, тек болашақ чемпион - түркиялық Фуркан Яманға есе жіберді.
"Жүлдегер атанғаныма әлі де сенер емеспін, бұл керемет сезім. Жартылай финалға жолдама беретін жекпе-жек ең қиыны болды: үлкен қысым, түрлі ойлар мен үміт. Ең бастысы - осы күйзелісті жеңе білу еді, менің қолымнан келді. Бұл нәтижеге өте қуаныштымын. Қолдау көрсеткен баршаңызға үлкен рақмет", - деп келтіреді федерацияның баспасөз қызметі кейіпкердің сөзін.
Айта кетейік, бұл - саблядан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жекелей медаль.
Фото: Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстан алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін өткізген болатын. Турнирде Қазақстанның ең атақты саблисі Руслан Құрбанов күміс жүлде иеленді. Өткен жылы Руслан SauBall YouTube-арнасына көлемді сұхбат беріп, олимпиадалық спорт түрінің ерекшеліктері туралы айтқан еді.