19 жастағы қазақстандық Lexus ұрлап кетіп, бірден ЖКО ға түсті: Тобылдан видео

26.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қостанай облысында 19 жастағы тұрғын тұрақта тұрған Lexus LX 570 көлігін ұрлап кеткен. Бірақ көп ұзамай оқу автокөлігіне соқтығысқан. Апат сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай маңындағы Тобыл қаласында болған. Қаланың 19 жастағы тұрғыны Lexus LX 570 көлігін айдап әкетіп, бірден жол апатына ұшыраған. Оның жүргізуші куәлігі де болмай шықты. Соқтығыс сәті бейнебақылау камерасының объективіне ілінген.

"Таңғы сағат бесте Тобыл қаласындағы Титов көшесінің бойында Lexus LX 570 маркалы автокөлік ұрланды. Көлік тұрақта тұрған. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - ред. еск.)", - деді Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.

Бұған дейін Көкшетауда көлікті иесімен бірге ұрлап кетпек болған оқиға туралы жазған едік. Ұрлық кезінде ер адам алдыңғы орындықта ұйықтап жатқан. Алайда ол небәрі 10 метрдей жүріп, полицейлердің қолына түсті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью