19 жастағы қазақстандық жарнамалық ролик түсіріп, ол айғаққа айналды

08.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Талдықорғанда қауіпті видео авторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жетісу облысының Полиция департаменті қызметкерлері Талдықорғанның 19 жастағы тұрғынының видеосын анықтаған. Ол автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көлік терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған.

Полицияның мәліметінше, тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталған. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Полиция әлеуметтік желідегі танымалдылыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауға тиіс екенін еске салады. Мұндай әрекеттер қатысушылардың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді", - делінген хабарламада.

Мұндай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ заң талаптарын бұлжытпай сақтауды, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуды көздейтін "Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде тұрақты түрде жүргізіліп отыратыны айтылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью