Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Сарапшы сөз басында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған Конституциялардың тарихына тоқталды.
– 1993 жылғы Конституция бар болғаны 1,5 жыл ғана күшінде болды. Әлеуметтік желіде оны әлдебір «демократиялық сипаты» үшін мақтағанды ұнататындар көп. Бірақ, біріншіден, олар оны оқыған жоқ. Екіншіден, ол Конституция ауқымды саяси дағдарысқа әкеліп соқтырғанын есте ұстау керек. Сәйкесінше бүкіл Конституциялардың ішінде ең қысқа мерзімде жұмыс істеді, – деді ол.
Марат Шибұтов 1995 жылғы Конституция 30 жыл бойы күшінде болғанын еске салды.
– Осынша мерзім жұмыс істеген Конституцияны алмастыру – қалыпты процесс. Қоғам ретінде біз де, мемлекет те өзгеріп жатыр. Айналамыздағы әлем мүлде өзгеріп жатыр. Кейінгі кезде түрлі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдар халықаралық құқық алдамшы көрініс пен жалаң сылтау екенін, күштінің дегені болып жатқанын, реалист болу керектігін айта бастады.
Қолданыстағы Конституцияда цифрлық құқық дейтін ұғым жоқ. Жастар үшін оның басқа құқықтардан маңызы әлдеқайда жоғары, сұраныстарына ие. Бізге Конституциямызда адам құқықтары мен азамат құқықтарын ажыратып көрсету керек. Өйткені 1995 жылмен салыстырғанда қазір әлдеқайда көп шетелдіктер өмір сүреді, жұмыс істейді, білім алып жүр. Тіпті жүздеген мың адам деуге болады. Сондықтан мұны да құқық мәселесінде ескеруіміз керек, – деді саясаттанушы.
Оның пайымдауынша, қазір азаматтарға аман қалу, қауіпсіздік сияқты базалық құндылықтар ғана жеткіліксіз.
– Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы бойынша айтсақ, шығармашылық еркіндік пен зияткерлік меншік сияқты жоғары сатыдағы құқықтар көбірек қажет. Саяси жүйеміз де өзгеріп жатыр – бір институттар кетіп, басқалары келіп жатыр. Соның бәрін Конституция жобасында толықтай көрсетіп, ескеріп, бекітіп, түсінікті тілмен мазмұндадық деп үміттенемін. Отандастарымыз оны жалпыхалықтық референдумда қолдайды деп ойлаймын, – деді Марат Шибұтов.
Айта кетейік, Kazinform агенттігінің Telegram арнасында осы отырыстың мәтіндік трансляциясы беріліп жатыр.