2 ақпанда республикалық маңызы бар жолдардағы ахуал қандай

02.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылғы 2 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді:

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393-шақырымы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы учаскесі);
• «Атырау – Орал» автожолының 371-492-шақырымы (Чапаев ауылы – Орал қаласы учаскесі).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1522-1806-шақырымы (№99 станциядан Қызылорда қаласына дейін).

Жолдар шамамен 2026 жылғы 2 ақпан сағат 12:00-де ашылады.

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер 2 ақпанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью