Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Интернет-ресурстың болжамды ұйымдастырушылары ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.
"Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуып жатыр.
Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында, дейді бас прокуратурада.