Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақмола облысының прокурорлары шамамен 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатылды, - деп хаюарлайды Aikyn.kz
Биыл Ақмола облысының мамандандырылған прокурорлары аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталды.
Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, алдау жолымен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан заңсыз несие рәсімдегені анықталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 2 млрд теңге болды.
Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен барлық 21 сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Оның ішінде Алматы қаласында орналасқан пәтерлер, сондай-ақ Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry маркалы автокөліктер және өзге де қымбат бағалы көлік құралдары бар.
Облыстық прокуратура сот үкімі заңды күшіне енбегенін хабарлады.